Главная /
Объявления
03.12.2021 Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөліміне маман қажет
Міндеттері: - құжаттарды қабылдау, алғашқы өңдеу, алдын ала қарау, тіркеу, құжаттарды құрылымдық бөлімшелерге жіберу, құжаттарды есепке алу, сақтау және тарату; - университеттегі құжат айналымының көлемін азайтуды қамтамасыз етеді; - кіріс және шығыс хат-хабарларды уақтылы қабылдауды, тіркеуді (тіркелген хат-хабарлар тізімі бойынша) және қарауды қамтамасыз етеді; - құрылымдық бөлімшелердің университет басшылығының бұйрықтарын орындау мерзімдерін бақылау; - университет әкімшілігінің қол қоюына ұсынылатын құжаттардың дұрыс жазылуы мен ресімделуін, сапалы дайындалуын бақылау: - шығыс хат-хабарларды бақылайды және осы құжаттың межелі жерге түсуін бақылауды ұйымдастырады. - университет басшылығының ішкі шешіміне сәйкес жоғары тұрған органдардың құжаттарының орындалуын бақылау; - ақпараттық, басқару, нормативтік және әдістемелік құжаттардың көшірмелерін жедел ресімдеу, сонымен қатар құжаттаманы университеттің барлық құрылымдық бөлімшелеріне уақтылы таратуды ұйымдастыру. - «Documentolog» жүйесінде жұмыс істеу - ресми электронды пошта және телефакс арқылы келіп түскен хат-хабарларды қабылдау, құжатты есепке алу және тіркеу. - сыртқы ұйымдармен университеттің ресми электрондық мекенжайы арқылы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету; - құрылымдық бөлімшелерде істерді ресімдеу мен қалыптастырудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады, құжаттарды сақтауға және жоюға іріктеу мақсатында олардың құндылығына сараптаманы ұйымдастырады; - қатаң есеп беру, сақтау бланкілерін бақылау, сондай-ақ бланкі бүлінген жағдайда белгіленген тәртіппен есептен шығару және жою. Үміткерге қойылатын талаптар: - қазақ тілін білу; - Жұмыс үрдісінің негіздерін білу; - Грамматикалық дұрыс сөйлеу; - Documentolog бағдарламасын білу.
Түйіндемеңізді hrteam@abaiuniversity.edu.kz поштасына жіберіңіз
|