қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.01.2014

Қазақ елі» - жаңа заман жобасы»
2013 жылы 12 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ базасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақ елі» - жаңа заман жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына «Қазақ елі» пәнін енгізудің маңызы мен рөлін айқындау, сонымен қатар «Қазақ елі» пәнін әзірлеу тұжырымдамаларын талқылау.
Дөңгелек үстел жұмысына тарих мәселелерін әзірлеу және жастардың ұлттық өзіндік сана сезімдерін қалыптастыру сұрақтары теориясымен, этнопедагогикалық, этномәдени, отан сүйгіштік тәрбиемен шұғылданатын басты ғалым зерттеушілер (тарихшылар, философтар, әлеуметтік педагогтар, саясаттанушылар, педагогтар, психолотар), сонымен қатар жастардың ұлттық тәрбие мәселелерін зерттейтін ғалымдар қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысы ЖОО ректоры, профессор Пірәлиев Серік Жайлауұлының жетекшілігімен жүзеге асты.
Негізгі өңдеушілер құрамына Абай атындағы ҚазҰПУ жетекші ғалымдары (Пірәлиев С.Ж., Нарибаев К.Н., Жампеисова К.К., Койгельдиев М.К., Кан Г.В., Иманбаева С.Т., Хан Н.Н., Калиева С.И., Намазбаева Ж.И, Кайдарова А.Ж., Берикханова А.Е., Сайдахметов Б.) сонымен қатар, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ (Молдабеков Ж.Ж.) ғалымдары кірді.