қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
19.11.2025

 

 

 

АДАЛДЫҚ – ЗАҢНАН ДА БИІК

 

Бүгін Абай университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесу өтті. Іс-шараға университеттің комплеанс қызметінің офицерлері, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты. Кездесуде құқықтық сауаттылық пен адами құндылықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сөз қозғалды.

Ел президентінің бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидасын қатаң сақтау,  құқық бұзушылықтың алдын алу, заң үстемдігін дәріптеу жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Алик Жатқамбайұлы студенттерге дәріс оқыды. Онда Қазақстан азаматының заң алдындағы құқығы мен сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері, ұлттық болмысымыздағы адами қасиеттер туралы айтылды.

– Қазақ халқының ежелден қалыптасқан тәрбие мектебінде «ар-ұят» деген мәселе ең бірінші тұратын. «Малым жаным садағасы, Жаным арымның садағасы», «Өлімнен ұят күшті» деген өсиет сөздерді бәріміз жақсы білеміз. Сыбайлас жемқорлықтың тамырын жою үшін әрбір азаматқа осыны терең түсіндіруіміз керек. Жемқорлық деген қоғамдық дертпен бірге күресуіміз қажет. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген. Біз жемқорлыққа қарсы бірлесе күресіп, күшті иммунитет қалыптастыруымыз қажет, – деді полиция генералы.

Еске сала кетсек, Алик Шпекпаевтың бастамасымен 2019 жылы Абай университеті қабырғасында «Ізгілік елшісі» жобасы іске қосылған болатын. Бұл жоба ерікті студенттерден құралған азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, әсіресе жастарды еріктілер қызметіне тартуға ықпал етіп келеді.

Алик Жатқамбайұлы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өмірлік тәжірибесі туралы сыр шертті. Жастарға маман болып қалыптасу жолында жемқорлыққа жол бермей, адалдық танытуды насихаттап, әрбір азаматтың бойында адалдық ұстанымы болғанда ғана еліміздің өркендеп дамитынын алға тартты.

– Біздің ата-бабамыз адалдыққа негізделген дала заңымен өмір сүрді. Ешкімнің ала жібін аттаған жоқ. Адалдық – заңнан да биік, адалдық болмаған жерде заң да қауқарсыз. Сондықтан, біз жастардың бойына қазақтың ежелден келе жатқан тәрбиесін сіңіруіміз қажет, – дейді А.Шпекбаев.

Жастар арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы саясатты арттыруға және осы бағыттағы еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Алик Шпекбаев университеттің «Абай» төсбелгісімен марапатталды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі


  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

 

  alt=  

  alt=