
Главная
Новости
05.12.2025
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕРІКТЕСТІК ЖӨНІНДЕ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттың университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Болат Тілеп дүниежүзілік деңгейдегі ғалымдарды қабылдады. Халықаралық кездесуге әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарынан келген белгілі тұлғалар қатысты. Оның негізгі мақсаты – білім және ғылым саласындағы жаһандық серіктестікті нығайту, жаңа ғылыми бағыттарды айқындау және бірлескен зерттеу бастамаларын дамыту. Кездесуге Гонконг білім университетінің (EdUHK) интернационалдандыру жөніндегі вице-президенті Ло Синг Кай арнайы келді. Сонымен қатар Еуропа, Азия және АҚШ-тың жетекші университеттерінен келген беделді сарапшылар таныстырылды. Колумбия университетінің профессоры Клеа Фернандез, АҚШ-тың Кентукки университетінің профессоры, инженерия және жасанды интеллект саласындағы зерттеулерімен танылған Бахыт Алипова, Түркияның Босфор университетінің профессоры Зейнеп Кызылтепе, Нигерия университетінің профессоры Угвуани Кристиан Сандей қатысты. Олардың қатарында халықаралық қаржы саясаты саласында кеңінен танымал, Бреттон-Вудс комитетінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Марк Узан мырза да бар. Инклюзивті білім беру мен жасанды интеллекттің тоғысында зерттеулер жүргізіп жүрген профессор Янджи Сонг, инклюзивті білімнің халықаралық сарапшысы профессор Юэн Чи Пун Кевин, профессор Синг Куен-Фанг Кеннет, Мак Винг Ва Паулин, сондай-ақ Үндістанның Читкара университетінің профессоры Сухджит Сингх университеттің серіктес-ғалымдар ретінде аталды. Кездесу барысында Абай университеті мен шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланыстарды тереңдету, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу, академиялық тәжірибе алмасуды кеңейту және білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері жан-жақты талқыланды. Университеттің басқарма төрағасы-Ректоры Болат Тілеп бұл жиынның стратегиялық маңызын атап өтіп, Абай университетінің халықаралық серіктестікке ашық екенін және жаһандық академиялық кеңістікпен ықпалдастықты одан әрі жалғастыратынын жеткізді. Көрнекті ғалымдар құрамына әлемдік білім мен ғылымның түрлі бағыттарында еңбек етіп жүрген мамандар енген. Олардың зерттеу жұмыстары инклюзивті білім, жасанды интеллект, педагогикалық инновациялар, инжиринг, қаржы және әлеуметтік ғылымдар салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл 2025 жылға арналған жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке жоғары рейтингтік ғылыми басылымдарда жарияланымдары бар алыс шет елдің жетекші университеттерінің сарапшыларын тарту – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен және профессорларға Абай университетінің қосымша қаражат бөлуімен жүзеге асып отыр. Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі
|