Главная
Новости
23.04.2018 «Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудың әдіснамасы мен тәжірибесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2018 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойы аясында «Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудың әдіснамасы мен тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау, ғылыми жетістіктер, тұжырымдар және көзқарастармен кеңінен алмасу.
Конференцияны ашқан ректор Такир Балықбаев: «Болашақ мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі, заман талабына сай жаңа өзгерістерге дайындығы және кәсіби деңгейінің өсуі жоғары педагогикалық білімнің бәсекеге қабілеттілігімен анықталады» деп атап өтті.
Конференция жұмысына ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Педагогика және психология институтының директоры Берік Әлмұхамбетов, педагогика кафедрасының меңгерушісі Қорлан Жампеисова, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің инновациялық және инклюзивті білім беру институтының директоры Надежда Чекалева, академик, Қазақстанның педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, салыстырмалы білім беру қоғамдарының Бүкіләлемдік кеңесінің атқарушы комитетінің мүшесі Асқарбек Құсаинов, профессор, ҚазЖҒҰА академигі, «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Ұлттық орталығының» АҚ ДК төрайымы Гүл Нұрғалиева, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының профессоры Юлия Дроботенко, сонымен қатар профессор, ҚР ҰҒА академигі Күләш Құнантаева, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, академик, дифференциалды психология халықаралық институтының құрметті профессоры Жәмила Намазбаева, Университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары және басқа да қазақстандық, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдары қатысты.
Конференцияның төрт бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен стратегиялық құжаттары аясында бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім берудің жаңа парадигмасын қалыптастыру, қоғамдық сананы рухани модернизациялаудың әсері, әдіснамалық тұғырлары, идеялары мен ұстанымдары, болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту - жоғары педагогикалық білім берудің өзекті мәселесі мен шетелдік тәжірибе, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті педагогты дамыту, бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандыру мәселелері талқыланды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
|