Главная
Новости
24.04.2018 Абай атындағы ҚазҰПУ «Алматы Марафоны - 2018» қатысушыларына қолдау көрсетті 2018 жылдың 22 сәуірінде Алматыда «Алматы Марафоны - 2018» өткізілді.
Марафонның мақсаты жүгіруді және жаяу серуендеуді кеңінен насихаттау, халықаралық марафон жарыстарына қатысушыларды дайындау, республикалық маңызы бар қайырымдылық жобаларды қолдау, алдағы болатын жарыстарда жасөспірімдерге қолайлы жағдай жасау, жаман әдеттерден бас тарту, салауатты ұлт қалыптастыру. Сондай-ақ, Алматы марафоны қайырымдылық бағытта ұйымдастырылған спорттық шара болып табылады.
2. Интеллектуалдық даму қабілеті төмен балаларға арналған арнайы түзету №6 мектеп - интернаты; 3. Есік қаласындағы көру қабілеті төмен балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты.
Жиналған қаржыдан аталған мекемелерде спорт алаңы салынып, қажетті спорттық құрылғылар алынады.
Халықаралық спорттық іс-шараға ректор Такир Балықбаев, Педагогика және психология институтының «Лидер» үйірмесінің жетекшісі Анар Алимбекова және студенттері Сұнат Раимов, Сұңқар Мысыр қатысып, Университеттің 20-дан астам студенті еріктілер мен жанкүйерлер ретінде марафонға белсене ат салысты. Қатысушылар 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |