Главная
Новости
01.05.2018
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 35 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш
2018 жылдың 27 сәуір күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына - 35 жыл» онкүндігінің салтанатты жабылуы «Бүгінгі БОПӘ - өткеннің нәтижесі, болашақтың бағдары»» әдеби-сазды кеш түрінде өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - әлемдегі барлық мамандыққа негіз болатын бастауыш сынып мұғалімі мамандығын гуманистік, шығармашылық қырынан таныту болып табылады. Кештің ұйымдастырушысы және жүргізушісі - осы мамандықтың түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Бауыржан Сайдахметов. Әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті: мамандықтың әнұранын орындаған студенттер хоры, Гаухар Қамза жетекшілігімен студенттерден құралған қазақтың ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетіп, сахналық көріністер мен ән, би орындалды.
Іс-шараға университеттің бірінші проректоры Мактағали Бектемісов, педагогика-психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, «Гази» университетінің профессоры - доктор Булуч Бекир, «Гази» университетінің доценті - доктор Йылдыз Мустафа (Түркия, Анкара қаласы), профессор Ромсеит Қоянбаевтың жары, ғылым мен білімге еңбек сіңірген қайраткерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеш қонақтары онкүндіктің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысын білдіріп, оларды құттықтады, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының жемісті жұмысына тілектестік білдірді. Онкүндікте өткізілген барлық іс-шаралардың ерекшелігін атап өтті: «Тағылымды тарих» сериясының арналған 4,5-кітаптарының тұсаукесері, «Суреттер сыр шертеді: кеше-бүгін-болашақта» фотосуреттер көрме конкурсы, «Ромсеит Қоянбаев атындағы ең үздік топ» конкурсы, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша студенттердің республикалық Х пәндік олимпиадасы, Он-лайн режимінде «Сабақ таныстырылымы» халықаралық конкурсы, «Көптілділік - әлем кеңістігіне апарар жол» студент-магистрант-докторанттар арасындағы полиглот конкурсы, Еркін микрофон: «Сегіз қырлы, бір сырлы мамандық иелері», түлектер форумы, «Бүгінгі БОПӘ - өткеннің нәтижесі, болашақтың бағдары» әдеби-сазды кеш.
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы |