қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.05.2018

 

«Рухани жаңғыру аясында «Киелі жерлер географиясы және мәдениет: тәжірибе және практика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2018 жылдың 26-27 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойы аясында «Рухани жаңғыру аясында «Киелі жерлер географиясы және мәдениет: тәжірибе және практика» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.


Конференция жұмысына ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева қатысып, конференцияға қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. Ол осы конференцияның маңыздылығын атап өтті және өзекті мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.

 

Пленарлық мәжілісте - ҚР ҰҒА академигі Алия Бейсенова, Әзірбайжан ұлттық ғылым академиясының академигі Әлиев атындағы география институтының жетекші зерттеушісі Ровшан Керімов, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің «Экология және жер туралы ғылымдар» кафедрасы меңгерушісі п.ғ.к., Василий Ерошенко, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, Еркін Тоқпанов баяндама жасады.

 

Жаратылыстану және география институтының директоры, география ғылымдарының докторы, профессор Күләш Каймулдинова конференцияға қатысушыларды құттықтап, секциялар жұмысына табыс тіледі.

 

Күннің екінші бөлігінде секциялық отырыста конференцияға қатынасушылардың баяндамалары тыңдалды.

 

Конференцияға Польша, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Қазақстан Республикасының ғалымдары, оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттерінің 80-нен астам баяндамасы ұсынылып, 5 секцияға бөлінді.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

Елтану және туризм кафедрасы