Бос лауазымның атауы:
|
Стратегия департаменті директорының орынбасары
|
Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:
|
-Стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету (стратегиялық жоспарлау бойынша сессияларды, стратегиялық мақсаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды өткізу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау);
-Университеттің Даму стратегиясын әзірлеу;
-Даму бойынша негізгі стратегиялық құжаттарды қалыптастыру;
-Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ету (Стратегия аудиті, Стратегия міндеттерін іске асыру жоспары мен университеттің Даму жоспарының мониторингі, стратегия процестері қызметінің тұрақтылығы);
-Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде Даму стратегиясының орындалуын бақылау;
-Құрылымдық бөлімшелерге университеттің Даму стратегиясы бойынша консалтингтік қызмет көрсету;
-Стратегияны іске асыру жоспарын орындаудың сапалы мониторингі;
-Университеттің әлемдік рейтингтерге (институционалдық, пәндік, жұмысқа орналасу параметрлері бойынша және т.б.) қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
-Тәуекелдерді сәйкестендіру және тәуекелдерді басқару.
|
Негізгі лауазымдық міндеттері:
|
-Мәтін дайындау, оған түзетулер енгізу, Стратегия презентациясын дайындау;
-Қабылданған стратегия туралы құрылымдық бөлімшелерді хабардар етуді қамтамасыз ету;
-Стратегияны іске асыру жоспарының орындалуын талдау;
-Жылдық есептерді/тұрақты даму бойынша есептерді/Қоғамның біріктірілген есептерін әзірлеуге қатысу;
-Департаменттің қызметін ұйымдастыру, тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
-Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен іскерлік қатынастарды қамтамасыз ету;
-Департаментке сеніп тапсырылған бизнес-процестер шеңберінде Департамент қызметіне сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау.
|
Іссапарларға шығу:
|
Қажеттілігі бар
|
Білімі
|
Жоғары, әлеуметтік-гуманитарлық білімі
Магистр дәрежесінен төмен емес академиялық дәрежеге ие болуы
Стратегиялық менеджмент, білім берудегі менеджмент және т.б. курстардан өткені туралы сертификаттардың болуы.
|
Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа)
|
5 жыл, академиялық сала, стратегияны әзірлеуге байланысты және университеттің түрлі рэнкингтерге қатысуына байланысты университет департаменттерінде, басқармаларында әкімшілік жұмыс тәжірибесі
|
Кәсіби құзыреттері:
|
1. Стратегияны, оны іске асыру жоспарын әзірлеуді ұйымдастыру;
2. Университеттің және оқу институттары стратегиясының іске асыру жоспарын орындаудың тұрақты мониторингі;
3. Стратегиялық сессиялар өткізуде көмек;
4. Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыру жөнінде есептер дайындау;
5. Университеттің әлемдік рейтингтерге қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
6. Тәуекелдерді анықтау және тәуекелдерді азайту жолдарын ұсыну;
7. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметкерлерді оқытуды жүргізуде көмек;
8. Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу
|
Тұлғалық құзыреттер және сапа:
|
Байланысқа бейімділік, икемділік, жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, ұқыптылық, командада жұмыс істей білу, бейімділік, тайм-менеджмент, ұйымдастыру дағдылары, таныстыру дағдылары, дамыған эмоционалды интеллект, сабырлылық.
|
Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (үміткердің меңгеруі тиіс тілдер тізімі)
|
Қазақ тілі - еркін
Орыс тілі - еркін
Ағылшын тілі - В2 төмен емес деңгейде оқу, жазу, түсіну
|
Компьютерлік дағдылары:
|
MS Office (Word, Outlook), Excel, Google Drive/Docs/Meet, ZOOM, PowerPoint, Prezi, Canva бағдарламаларын, Social Media, электрондық пошта, Документологты жақсы меңгеру
|
Түйіндемені жіберу мерзімі:
|
2 ақпан 2022 жыл
|
Байланысушы тұлға:
|
hrteam@abaiuniversity.edu.kz
Таттибаева Эльвира Мусабековна
87072189777
|