қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
03.05.2018

«90 жылдыққа - 9 асу» туристік треккинг

 


 

Табиғат аясындағы жаяу жорық қазіргі күні кең танымалдылыққа ие экологиялық туризмнің белсенді түрі. Өткен жылдың мәліметі бойынша «Просвещенец» - «Көкжайлау» бағыттары бойынша демалыс күндері 700-ге жуық адам Алматы шатқалындағы асуларға көтеріліпті. Бұл қала тұрғындарының жаяу жорыққа деген қызығушылығының артқандығын айғақтайды.

 

Жастарды белсенді туризмге барынша тарту, қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға тәрбиелеу мақсатында 2018 жылдың 29 сәуірі күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен «90 жылдыққа - 9 асу» туристік треккингтің алғашқы жаяу жорығы ұйымдастырылды.

 

 

Треккингтің ашылу салтанатында сөз сөйлеген университтің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев барша қатысушыларға шараның жүргізілу тәртібімен таныстырып, алғашқы жорықтарына сәттілік тіледі.

 

Одан әрі сөз алған треккингтің бас нұсқаушысы, Жаратылыстану және география институтының доценті Қайрат Омаров жорық барысында қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті.

 

Трекинг барысында әр сенбі күні Алатау шатқалдарында орналасқан 9 іргелі асуға 6-7 сағаттық жаяу жорықтар жасау жоспарланған.

 

Жаяу жорық бағыттары:

- Көкжайлау асуы;

- Кім-Асар шатқалы;

- Алмарасан бұлағы;

- Күйгенсай ыстық бұлағы;

- Альпинистер бұлағы;

- Үлкен Алматы көлі;

- Юнатов көлі; - Мохнатка;

- Баспалдақ.

 

«90 жылдыққа - 9 асу» туристік треккингінің алғашқы жорығына университеттен 84 белсенді студент қатысып, Көкжайлау асуын бағындырды. Экологиялық туризмнің бұл түрі жастарға сергектік, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шыдамдылық пен төзімділікке үйретуге өз септігін тигізетіні хақ.

 

Авторы: Қазына Бекбенбетова

03.05.2018 ж.

Ақпарат көзі: pr-hal.kz