Бос лауазымның атауы:
|
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесінің басшысы
|
Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:
|
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми және инновациялық қызметінің тиімділігін арттыру есебінен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерцияландыруды практикада қолдануға жәрдемдесу;
- Университет студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының, ғалымдарының бизнес құзыреттілігін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
- Кәсіпкерліктің экожүйесін құру, коворкинг орталығының, бизнес-инкубатордың, бизнес-акселератордың қызметін ашу және қолдау;
- Кәсіпкерлік университеті стратегиясының элементтерін енгізу;
- ҒҒТҚН коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
- Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми-зерттеу және оқу бөлімшелерінің ҒҒТҚН коммерцияландыру үшін технологияларды іздеу және бағалау;
- ҒҒТҚН нақты объектілері бойынша маркетингтік зерттеулер саласында консультациялық қызметтер көрсету;
- Коммерциялық жобаларды іске асыру;
- Технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасу мақсатында бизнес өкілдерін тарту, инвестициялар тарту;
|
Негізгі лауазымдық міндеттері:
|
- Университет бөлімшелерінің ғылыми зерттеулерінің коммерциялық бағытын ынталандыру бойынша іс-шаралар әзірлеу;
- Бизнес идеяларды коммерцияландыру және ҒҒТҚН бойынша коммерциялық жобалар мен стартап компаниялар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;
- Университет бөлімшелерін, бейінді кафедралардың студенттерін, магистранттарын және докторанттарын ҒҒТҚН коммерцияландыру перспективалылығын іріктеу және талдау;
- Маркетингтік зерттеулер саласында консультациялық қызметтер көрсету;
- Стартап компанияларды ұйымдастыру саласында консультациялық қызметтер көрсету;
- Ғылыми жобаларды коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруға өтінімдер беру бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
- Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік және жергілікті органдармен өзара іс - қимылды қамтамасыз ету;
- Жеке бизнес субъектілерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
|
Іссапарларға шығу:
|
Иа
|
Білім:
|
Жоғары әлеуметтік-гуманитарлық, заң, экономикалық, техникалық білім. Академиялық дәрежесі магистрден төмен емес.
|
Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)
|
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында не экожүйеде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі.
|
Кәсіби құзыреттер:
|
Жобаларды басқара білу, бизнес үдерістерді түсіну, бизнес-модельдеу, маркетингтік зерттеулер жүргізу, нарықтың экономикалық конъюнктурасын талдау.
|
Жеке құзыреттер мен қасиеттер:
|
Көп мақсатты және нәтижеге бағытталған. Коммуникабельділік, командада жұмыс істей білу, креативтілік.
|
Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білуі (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)
|
Қазақша-еркін
Русский - еркін
Ағылшын тілі-жақсырақ деңгейден төмен емес
Intermediate, ағылшын тілін білу.
|
Компьютерлік дағдылар:
|
Тәжірибелі компьютер қолданушысы (MS Office, MS Teams, Google Meet және т.б.). Бағдарламалау негіздерін және / немесе графикалық бағдарламаларды білу құпталады.
|
Түйіндемені тапсыру мерзімі:
|
15.04.2022 жылға дейін
|
Байланысушы тұлға:
|
hrteam@abaiuniversity.edu.kz
Ахметова Актлек,
ж.т.: 8 (727) 2-91-64-58; ұ.т.+7 775 385 80 05;
|