Главная
Новости
11.05.2018
Сиверс алма ағашы (Malus Sieversii (Ledeb) M. Roem): жаһандық стратегияны сақтау халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2-8 маусым 2018 жылы Алматы қаласында "Сиверс алмасы» (Malus sieversii (Ledeb) M. Roem): жаһандық стратегияны сақтау тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушы «Сиверс алмасы» халықаралық сақтау қоры, «Caspian University».
Конференцияның мақсаты - әлемдік маңызы бар Сиверс алмасының генетикалық ресурсы мен табиғи ареалын сақтаудағы теориялық және ғылыми тәжірибелік міндеттерді шешудегі әлемдік ғалымдардың қоғамдық қауымдастығының ғылыми зерттеулерегі халықаралық тәжірибесін талдау.
Сондай-ақ, ғылыми іс-шара жұмысына мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің және Қазақстанның қорықтарының қорғауындағы аумақтардың (Іле Алатау, Жоңғар Алатау, «Алтын Емел», «Көлсай көлдері», Семей орманы, Тарбағатай тауының генетикалық қорығы, Алматы мемелекеттік қорығы, Ақсу-Жабағалы мемлекеттік қорығы (БҚО)) ғылыми бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, ғылыми ұйымдардың және ҚР ҒЗИ (Биотехнология мен биология институтының, ҚР БҒМ ҒК «Ботаника және фитоинтродукция институты») мен жоғары оқу орындарының, мүдделі қоғамдардың ғылыми қызметкерлері қатысты.
Қашықтан зондтау орталығымен серіктестік келісім шарты бойынша жүргізілген конференцияда ботаника және жалпы биология кафедрасының меңгерушісі Софья Иманкулова жұмыс жүргізді. Жобаны талқылау барысында «Сиверс алмасының стратегиясын сақтаудың» ғылыми зерттеулердің алдын ала перспективалық жоспары жасалды.
Конференция материалдары халықаралық ғылыми рейтингілік, орыс және ағылшын тілдерінде жеке жинақ журналдарында жарияланатын болады.
Ботаника және жалпы биология кафедрасы |