қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
14.05.2018

Рухани жаңғыру - патриотизм негізі

 



Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қазақстандықтардың рухын оятып, санасына сілкініс туғызды. Шындығында да, бұл біздің көптен бері көкейімізде жүрген қазақ халқының тағдырына қатысты терең ойлар.


Мақаланың әрбір жолы, әрбір сөзі - өзіміздің осы күнге дейінгі жолымыз, тарихымыз, келешекте атқарылатын міндеттеріміз. Отансүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы. Адам тәнін жан билесе, Отан тәнін халқының оған деген сүйіспеншілігі билейді. Бұған ешкімнің күмәні жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған түлектермен кездесу барысында «...патриот - ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам» деген болатын.

 

Елбасымыздың рухани жаңғыру мақаласында біздің қазіргі және келешекте істелінетін жұмыстарымыз айтылған. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін біздің халық 1995 жылға дейін дағдарысты басынан өткізді, бұл жағдай сол кезде көзі көрген адамдардың барлығына аян. Дүкендер қаңырап бос тұрды, наннан басқа ештеме жоқ. Зейнетақыны, еңбек жалақасын беретін ақша жоқ. Міне осындай қиын-қыстау кезінде осындай тығырықтан шығудың жолын Елбасымыз өзінің біліктілігінің, ақылдылығының, келешекті болжай білетін көрегендігінің арқасында шешуге тырысты және шешті де. Сол кезеңде бірнеше, халықты игілікке апаратын, халықтың мүддесі үшін бірнеше стратегиялық бағдарламалар жасалынды.

 

Шындығында да, Тәуелсіздік жылдары қыруар жұмыс атқарылды. Соның бірі - «Болашақ бағдарламасы» болды. Елбасымыздың тікелей басшылығымен құрылған бұл бағдарлама сол кезде, қиын жағдайға қарамастан, он мыңға жуық жастарды әлемнің үздік университеттерінде оқытып, олардың бүкіл қаражатын үкіметтің қаржыландыруы бұл сол кезеңдегі халықтың болашағы үшін жасалынған үлкен жұмыс болатын. Ондағы мақсат - Тәуелсіз елімізді осындай қиын жағдайдан шығарып алу үшін білімді жастарымыз әлемдегі маңдайалды университеттерде білім алып, олардың озық тәжірибесін меңгеріп елімізді дамытуға өркендетуге ат салу болды. Ұлт табысқа тек білімнің арқасында жететіндігін сол кездің өзінде осындай озық үлгідегі бағдарламалар арқылы корсеттіп берді. Міне биыл Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына да бір жыл болды.

 

Бұл құжат - патриотизмнің негізі деп білемін. Мұнда халықтың рухани және материалдық құндылықтарын жаңғырту жұмыстары бойыншада көптеген мәселелер көтерілген. Ата-бабамыздан бізге мұра болып қалған осындай жерімізді, табиғатымызды, тауымызды, даламызды көздің қарашығындай сақтап қана қоймай, оның байлығын үнемді, ысырап қылмай орынды пайдалану керектігін міндеттейді. Өзіміздің жерімізге немқұрайлы қарамау, болашағымызды дұрыс жоспарлай білу, ысырапшылдыққа, астамшылдыққа, даңғойлыққа жол бермеу , мұның бәрі өз еліңе , жеріңе деген сүйіспеншілік құрмет болып саналады. Нақты мақсатқа жету үшін де азаматтың өз жерін, елін, Отанын, халқын сүюі және оны құрметтеуі - ұлы іс. Осы орайда Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасының ауқымы өте кең. Туған жер - әркімнің өзінің кіндік қаны тамған жері, балалық шағы өткен, өмір жолына аяқ басқан өлкесі. Туған жерге, оның салт-дәстүрлері мен әдет ғұрпына, мәдени, тарихи ескерткіштеріне айрықша ыждағаттылықпен атсалысу -шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

 

Авторы: Қалдыгүл Таспулатова,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, тарих ғылымының магистрі

14.05.2018 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz