Главная
Новости
17.05.2018 «ҚазҰПУ - Fashion Days» қалалық сайысы
2018 жылдың 15 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында Өнер мәдениет және спорт институтының «Шығармашылық мамандылдықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚазҰПУ - Fashion Days» қалалық сайысы өткізілді.
Жобаның негізгі мақсаты ұлттық киім үлгілерін насихаттау, студенттік шығармашылықты көтеру, кәсіби шеберлік деңгейі, жандандыру, процестердің дамуының креативті энергиясын, жас мамандарға мәдениет және дизайн саласында қолдау көрсету.
Сайысқа Алматы қаласының Дизайн мамандығы бойынша бакалавриат студенттері мен колледж оқушылары қатысты.
Колледж оқушылары арасындағы сайыс қорытындысы:
Авангард номинациясы: 1 орын - «Enigma» коллекциясы (Алматы О.Таңсықбаев атындағы Сәндік-қолданбалы өнер колледжі); 2 орын - «Military.kz» коллекциясы (Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі); 3 орын - «Арт стиль» коллекциясы (Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі).
Prеt- a-porte номинациясы: 1 орын - «Қалалық коллаж» коллекциясы (Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі); 2 орын - «Манипуляция» коллекциясы (АДТ «Сымбат» колледжі); 3 орын- «Інжу түн» коллекциясы (АДТ «Сымбат» колледжі).
Этностиль номинациясы: 1 орын - «Ұлы тау» коллекциясы (Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі); 2 орын - «Халықтар достығы» коллекциясы. (АҚ АТУ ТЭК)
Университеттер арасындағы конкурс қорытындысы:
Авангард номинациясы: 1 орын - «Young» коллекциясы (АТУ); 2 орын - «Симбиоз», «Қызылжәнеқара» коллекциялары (Абай атындағы ҚазҰПУ); 3 орын - «Алау» коллекциясы (Абай атындағы ҚазҰПУ), «The magic space» коллекциясы (КГЖПУ).
Prеt - a-porte номинациясы: 1 орын - «Feminist» коллекциясы (АТУ); 2 орын - «Алқа» коллекциясы (КГЖПУ), «Sport chік» коллекциясы (АТУ); 3 орын - «Summer Butterflies» коллекциясы (Абай атындағы ҚазҰПУ).
Этностиль номинациясы: 1 орын - «Аққа құдай жақ» коллекциясы (Абай атындағы ҚазҰПУ); 2 орын - «Mihezreni» коллекциясы (Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнера кадемиясы), «Дала стилі » коллекциясы (АТУ); 3 орын - «Шаңырақ» және «Айзере» коллекциялары (Абай атындағы ҚазҰПУ).
Өнер, мәдениет және спорт институты
|