Главная
Новости
25.05.2018 Филологтардың Халықаралық конференциясы
2018 жылдың 24-26 мамыр аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 90 жылдығына арналған Филология және көптілді білім беру институтында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Поэтика және өлеңтану мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Бұл - біздің университетте 2003 жылдан бері сегізінші рет өтіп отырған дәстүрлі конференция. Үш жылда бір рет әртүрлі елдерден қонақтар - ғалым-филологтар келеді. Онда ең үздік қазақстандық тіл мамандары және әдебиетші ғалымдар қатысады.
Бірінші пленарлық мәжілісті Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев конференцияны құттықтау сөзімен ашты. Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы Ирина Переверзева қатысушыларды конференцияның басталуымен он-лайн режимде құттықтады.
Пленарлық мәжілістің модераторы Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы баяндамашыларға: Слупск қаласы Помор академиясының (Польша) проректоры профессор Данута Герчиньскаяға, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры ҚР ҒА академигі Уәлихан Қалижанға, профессор Қарлығаш Қабдоловаға сөз берді.
Конференция барысында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының тарихы туралы баяндамасымен профессор Лариса Эглит сөз сөйледі.
Ғылыми форумға келген қонақтардың арасында біздің студенттерге таныс Ресейдің белгілі әдебиеттанушылары, көптеген монография мен оқулықтардың авторлары бар. Олар - М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры Чернец, А. Герцен атындағы РМПУ доценті Марина Костюхина. Конференцияға Финляндиядан қауымдастырылған профессор Екатерина Власова мен Италиядан профессор Евгений Казарцев қатысты.
Екінші пленарлық мәжілісте «Поэтика және өлеңтану мәселелері» конференцияның тұрақты қатысушылары - белгілі қазақстандық ғалымдар Галина Мучник, Нағима Сагандыкова, Алия Кулумбетова -сөз сөйледі.
Конференцияның екінші күні төрт тақырыптық секциядағы қатысушылардың ғылыми тілдесуіне толы болды. Конференция жұмысы жалғасуда.
Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы
|