Главная
Новости
15.04.2014 Бір тал кессең, он тал ек...
Шұғылалы көктемнің келуімен еліміздің өңір-өңірлерінде көгалдандыру, көшелер мен аула-аймақтарына санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу науқаны басталады. Осындай игі шаралардың бірі ару қаламыз Алматыда 2014 жылдың 12 сәуірінде жалпықалалық сенбілік барысында көрініс тапты. Тазалығын алдыңғы қатарға қойған, қаламыздың көгалдануы мен көркеюін, көк желекке бөленіп, абаттануын ортақ қуаныш санаған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті күні бүгінге дейін осы бағыттағы көптеген істердің ұйытқысы болып келеді.
Жастарды патриоттық пен Отансүйгіштікке бағыттайтын бұл шара ерінбей еңбек етуге, еліміздің ұлан-ғайыр даласын жасыл желекпен көмкеруге құштарлығы басым университет басшылығы, ұстаздар қауымы мен студент жастарының 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы «Абай атындағы ҚазҰПУ аллеясының» ашылуымен жалғасын тапты. Шара университет басшылығы, атап айтқанда, Бірінші проректор М.Е. Ермағанбетов, Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е. Ішпекбаев, әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі проректор Т.Т. Еділбаевтің бастамасынмен, профессор-оқытушылар және студенрттердің қатысуымен іске асырылды. Бұл бастама халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек», - деген аталы сөзін есте ұстайтындығының, әр азамат табиғатқа жанашыр болуды перзенттік парыз санайтындығының айқын көрінісі.
|