қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
11.01.2012

 

АБАЯ  АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ӘЛЕМ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

Абай атындағы Қаз ҰПУ тарих факультеті әлем тарихы кафедрасы 1 наурыз 2012 жылы сағат 11.00-де  «ҚР-ның  БҰҰ-на кіруінің  20 жылдығына орай. Әлемдік қауымдастық және Қазақстан Республикасы»  тақырыбында дөңгелек  үстел өткізеді.

 

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР:

ҚР-дың бiрiншi президентi -  ұлт көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың тәуелсiз Қазақстанның  тәуелсіз сыртқы саясатының қалыптасуындағы рөлi

  • БҰҰ-ның ҚР-дағы қызметi
  • ҚР-ның 20-жылдық сыртқы саясат курсының негiзгi белестері
  • ҚР-дағы БҰҰ-ның қызметі: мамандандырылған агенттiктер, БҰҰ-ның бағдарламалары мен қорлары
  • Қазiргi кезеңдегi ҚР-ның шетел мемлекеттерiмен арақатынасы
  • Халықаралық қатынастардың қазiргi жағдайдағы мәселелері
  • ҚР және ұлы державалар саясаты
  • XXI ғ. және ҚР-ның әлемдік бiрлестiкке кiрiгуi: ынтымақтастықты дамытуының перспективалары.

 

 Бағыттар тізімін кеңейту   мүмкіндігі бар

            

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  ТӘРТІБІ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Баяндамалар 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында қабылданады. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жинақ шығарылады. Дөңгелек үстелге қатысу үшін баяндамалар талапқа сәйкес рәсімделіп, келесі neskal@mail.ru  немесе  eleuhan @mail.ru. электрондық пошталардың біріне жіберілуге тиіс:

       1. Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысуға өтініш;

       2. 5 бет көлеміндегі баяндама тезистері;

Қатысу туралы өтініш

Фамилиясы, аты, жөні, ғылыми атағы, автордың (авторлардың) қызметі, жұмыс орны, баяндама атауы; ғылыми бағыты; контактілік ақпарат: телефон, e-mail.

 

ТеЗИСТЕРДІ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Баяндама атауы (Бас әріптермен, жартылай семiз шрифт, орталық бойынша тасымалдауларсыз.

Автордың аты-жөні, ұйым атауы, e-mail (орталық бойынша).

Тезис мәтiнiн теру үшiн Word for Windows 2003/2007 редакторды пайдалану керек. Әдебиетке сiлтемелер тiк жақшаларда орындалуы тиіс. Әдебиеттердiң тiзiмi негiзгi мәтiннен кейiн соңына орналасады.

Беттiң форматы: А4; барлық өрiстер - 1.5 см; колонтитулдар - 1.5 см; бағыты - кiтап; Times New Roman шрифті, өлшем (кегль )- 12, жол аралық қашықтық (интервал)- 1; еніне қарай тенестіру, жаңа жол - 1.27.

Конференцияның жұмыс тiлдерi - қазақ, орыс, ағылшын.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ: Байланыс телефондары: 8(727)2916354; 8(727)2910309