қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
22.09.2018

Басты мақсат - әлемнің үздік университеті атану

 


 

Қазақстан Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, тоқсан жылдық тарихы бар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, профессор Такир Балықбаев есеп берді.

 

Ол «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масындағы «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоя­тын ұлт қана табысқа жететін­дігін» айта келе, «Бес әлеуметтік бастамада» бірінші кезекте білім­ге, білікті кадр даярлауға баса мән беріліп отырғанын атап өтті. Оның ішінде студенттерді жатақ­ханамен қамтамасыз ету мәселесі де оңтайлы шешілетінін жеткізді. 2022 жылға дейін студенттерге арналған 75 мың орындық жаңа жатақхана салу жоспарына ҚазҰПУ да айрықша үлес қосуда. Сонымен қатар кадрлар дайын­дауға қосымша бөлінген 20 мың гранттың білім алушылар үшін маңызына тоқталды.

 

«Университет ұжымы Елба­сының білім саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс атқаруда. Соның нәтижесінде, біздің оқу орны әлемдік рейтингте 481-орын алды. Былтырмен салыс­тырғанда 10 орын алға жылжыды. Елдегі жоғары оқу орындарының арасында 7-орындамыз. Универ­ситетте оқытылып жатқан 32 жаңа бағдарлама үздік үштікке енді. Менеджмент жүйесін жетіл­діру қажет. Ең үздік универси­теттердің тәжірибелерін саралап, тиімді басқару тәсілін қолданысқа енгіздік. Жаңашылдықпен бас­қарудың Жол картасын жүзеге асырып жатырмыз. Байқау кеңе­сінің тапсырмасы бойынша универ­ситеттің 2025 жылға дейін даму жоспарын қабылдадық. Оның стратегиялық мақсаты - 2025 жылы Орта Азияда ең үздік педагогикалық университет болу. Алдыңғы қатарлы педагогикалық білім бағдарламаларын тәжіри­беге енгізу. Мұғалімнің мәртебесін өсіріп, елімізді дамытудың драй­веріне айналуды мақсат етіп отыр­мыз. 2025 жылға дейін төрт мақ­сатты іске асыру жоспары­мызда бар. Олар: студенттердің санын 10 мыңға жеткізу, әлемнің жетекші университеттерімен бірлесе отырып, жаңа оқу бағдар­ла­маларын қолданысқа енгізу, шетелдік студенттердің үлесін 5 пайызға арттыру, әлемдегі үздік 450 университеттің қатарына қосылу» деді Такир Балықбаев.

 

Ол сондай-ақ оқытудың жаңа тәсілдерін енгізіп жатқанын, студенттердің саны бұрынғыға қарағанда көбейгенін жеткізді. Университетте 146 білім бағдар­ламасы қолданыста бар, оның онын биыл іске қосқан. Өткен оқу жылында 7000 талапкер құжат тапсырса, биыл 8459 студент ҚазҰПУ-ды таңдаған. Былтырмен салыстырғанда, 22 пайызға өскен. Жетістікке жеткен студенттер де көп. 7 студент пен 2 магистрант Пре­зидент стипендиясын иелен­се, 198 студент үздік дипломмен аяқтаған.

 

Сапалы білімнің нәтижесі - уни­верситет түлектеріне сұра­ныстың көптігімен дәлелденеді. 2017 жылы бакалавр - 87 пайыз, магистратура - 85 пайыз, док­торантураны тамамдағандардың 100 пайызы жұмысқа орналасқан. Мұндай көрсеткішке жұмыс берушілермен ынтымақтаса жұ­мыс істеу нәтижесінде қол жеткіз­ген. 1934 түлектің 688-і «Диплом­мен - ауылға» бағдарла­ма­сымен шалғай ауылдардағы мектептерге жұмыс істеуге барған. Бұл - педагог кадрларды нарықтың сұра­нысына сай даярлаудың же­місі. Ректордың айтуынша, цифр­лы университет құру - заман талабы. Осы мақсатта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академия­лық UNIVER жүйесін қолданысқа енгізген. Қазіргі кезде универ­ситет­тегі 800 ұстаздың 110-ы ағылшын тілінде сабақ береді. Шетелдің оқытушыларымен тәжірибе алмасудың пайдасы көп. Былтыр 55 шетелдік ұстаз арнайы сабақтар өткізген. Биыл дәріс беретін шетелдік профес­сорлардың санын 100-ден асыру жоспарда бар. Тағы бір өзекті мәселе - оқытушылардың білік­тілігін арттыру. Ол үшін 80 пайызы шетелге баратын болса, қалғаны республика бойынша кәсіби шыңдалу курстарынан өткен. Ұстаздардың рейтингі жасалып, үздіктер марапатталған.

 

Университет тарапынан 25 миллион теңге бөліп, 30 жасқа дейінгі жас ғалымдарға конкурс жариялаған. Ғылым онкүндігінде жас ғалымдарға бағыт-бағдар берумен қатар 14 халықаралық конференция өткізілген. Универ­ситет ғалымдарының 3000-нан астам еңбегі жарық көрген. «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жүз жаңа есім», «Қа­сиетті Қазақстан» жобаларын жүзеге асыруға белсенді атса­лысуда.

 

Биыл университеттің 90 жыл­дығына орай 90 ірі іс-шара өткі­зіледі. «Менің пірім - Сүйінбай» атты айтыс, республикалық дебат турнирі бар. «Абай ілімі» фести­валі сияқты іс-шаралар өтті. Фран­цуздармен бірлесіп «Идея­лар түні» арнайы жобасын жүзеге асырған. Екі жақта онлайн ре­жимде идеяларды талқылайды. Оны қалай іске асыру керектігін бірлесіп жоспарлайды. Бұл идеяға екі жылдан бері қызығушылық жоғары.

 

Авторы: Майра Жанысбай

22.09.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz