қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
01.09.2022

Құрметті ізденушілер!

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Университет) конкурстық іріктеуді жариялайды:

1) Сорбонна-Қазақстан институтының директоры;

2) Педагогика және психология институтының директоры;

3) Филология және көптілді білім беру институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

4) Филология және көптілді білім беру институты директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары;

5) Жаратылыстану және география институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

6) Математика, физика және информатика институты институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

7) Математика, физика және информатика институты институты директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары;


Біліктілікке қойылатын талаптар:

Директор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың ғылыми және халықаралық қатынастар ісі жөніндегі орынбасары - жоғары білімі және (н/е) жоғары білімнен кейінгі білім, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Директордың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - жоғары білімі және (н/е) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, магистр академиялық дәрежесі, білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша конкурстық комиссия әкімшілік-басқару персоналы қатарынан басшы лауазымдардың басқа санаты бойынша Университеттің кадр резервіне алуға конкурстан өтпеген ізденушілерді ұсынуға құқылы.

 

Егер Сіз конкурсқа қатысуға қызығушылық танытсаңыз, құжаттарды 2022 жылғы 26 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) жолдауыңызды сұраймыз.

 

Конкурстық құжаттар сканерленген нұсқада келесі электрондық поштаға ұсынылу мүмкіндігі бар: hr.konkurs-2022@abaiuniversity.edu.kz, сондай-ақ, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 (№103 кабинет, 1 қабат) мекен-жайы бойынша қолма-қол қабылданады.

 

Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.

 

Анықтама телефондары: 8(727)291-82-57.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, тапсырады:

1) түйіндеме;

2) жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері, академиялық және ғылыми дәрежесі (болған жағдайда), ғылыми атағы туралы құжат (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

3) келесі тақырыптарды көрсететін (электронды түрде, көлемі 5 слайдтан артық емес) жобаларды таныстыру:

1) «Алдағы 3 жылдағы Институттың жалпы көрінісі»;

2) «Академиялық қызметтегі инновациялар»;

3) «Ғылыми қызметті дамыту»;

4) «Білім беру бағдарламаларын жаңғырту және жобалау» (Директорлар және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін);

- «Тәрбие қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» (директорлардың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін).

 

Презентацияға қойылатын жалпы талаптар: 1 (бір) презентацияға қажетті уақыттың орташа есебі 7 минуттан аспауы тиіс, ұсынылатын шрифт өлшемі ≥ 20.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) және т. б. қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

 

* Конкурстан өткен жағдайда құжаттардың толық тізімін ұсыну қажет.