2019 жылғы Қысқы Универсиаданың алауы - Алматыда
24 қыркүйекте Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында Қысқы Универсиада алауын қарсы алу салтанатты рәсімі өтті. Келесі Қысқы Универсиада 2019 жылы наурызда Красноярск қаласында өтеді, ал қазір эстафетаны Қазақстанға тапсырады.
15 алау ұстаушылар Абай көшесімен 2,5 км шақырым жүгіріп өтті. Олардың арасында Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин, Ресей Федерациясының спорт министрінің орынбасары Наталья Паршикова, Қазақстанның Ұлттық Спорт Студенттер Одағының Президенті, FISU Атқарушы Комитетінің мүшесі Қайрат Закирьянов, Грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, бокс жолы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Қанат, мини-футболдан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Дінмұхамбет Сулейманов, Биатлоннан Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Василий Подкоритов, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков болды. Біздің университет ректоры Такир Балықбаев та эстафетаға алау ұстаушы ретінде қатысты.
Қысқы Универсиада алауы-2019 эстафетасының Алматылық кезеңі Республика Сарайының алдындағы алаңда мерекелік бағдарламамен аяқталды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім