Главная
Новости
24.09.2018 Алматы аймағы ЖОО Ректорлары кеңесінің мәжілісі
21 қыркүйек күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы аймағы жоғары оқу орындары Ректорлар кеңесінің мәжілісін өткізді.
Кездесу барысында Алматы аймағы ЖОО Ректорлары кеңесінің 2018/2019 оқу жылындағы қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда, студенттік шығармашылық пен спортты ынталандыру, жоғары оқу орындарында менеджмент бойынша семинарлар өткізу, университеттің ғылыми әлеуетін дамыту жолдары талқыланды.
Ректорлар кеңесінің төрағасы Такир Балықбаев осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті: жеткілікті ғылыми және білім беру әлеуеті мен беделіне ие бола отырып, Қауымдастық маңызды мәселелерді талқылауға және елдегі жоғары білімнің дамуына қатысты жүйелік саясатты қалыптастыруға және Алматы облысының білім беру, ғылым және мәдениетіне ықпалдасуға негіз болып табылатын алаң бола алады.
Студенттік спорттың дамуы туралы айта келе, Такир Балықбаев университетте 6 мыңнан астам студент қатысқан 25 спорттық іс-шара өткенін атап айтты: «Денсаулық күні» жалпы спорт күні, «Тән сұлулығы - ұстазда» жалпы университеттік спорт фестивалі, «Медеу» мұз айдынында «KazNPU Stars» спорттық мерекесі, университет құрама командаларының және қазақ эстрада жұлдыздарының «Жұлдызды футбол» достық футбол матчы және т.б. Студенттік ортада спортты одан әрі кеңінен дамыту үшін Ректорлар кеңесі мен Қазақстан Республикасының Студенттік спорт федерациясы арасында тығыз ынтымақтастық орнату қажет.
Студенттердің шығармашылық қызметін жыл сайын Абай атындағы ҚазҰПУ-де өткізілетін «Абай әлемі» ұлттық фестивалі шығармашыл жастарды қолдайды және ынталандырады, ол көптеген талантты және дарынды жастар үшін сахнаға жол ашты. Жастардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін танымдық белсенділікті жандандыру және студент жастардың рухани-адамгершілік әлеуетін арттыру, студенттердің шығармашылығы үшін орталықтар құру және студент жастармен жұмыс істеу бағыттары жан-жақты қолдау алуға тиіс.
Университет менеджментті жетілдіруге ерекше назар аударады. Мәселен, 2018 жылғы 9 маусымда Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесімен бірге, халықаралық жоғары білім саласындағы сарапшы «Әлемдік деңгейдегі университеттер құру» (2009) және «Жоғары білім және орнықты даму мақсаттары» (2017) кітаптарының авторы профессор Джамиль Салмидің қатысуымен, Алматы және Алматы облысының жоғары оқу орындарының ректорлары үшін «Университетті әлемдік деңгейдегі университетке айналдыру» тақырыбында Халықаралық семинар өткізілді. Сонымен қатар Такир Балықбаев жоғары оқу орындарының басшыларын әртүрлі ЖОО негізінде осындай басқару семинарларын жүйелі түрде өткізіп отыруға шақырды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2018 жылғы 4 - 5 шілдеде білім беру саласындағы зерттеулер бойынша Қазақстан-Ресей семинары өткізілді, оған әлемге әйгілі академик профессор Исак Фруминнің басшылығымен Ұлттық ғылыми университеті «Жоғары экономика мектебі» Білім беру институтының ғалымдары қатысты. Онда білім беру сапасын бағалау жүйесі, бағалау тәжірибесі, бұрынғы кеңестік елдердегі мектептерді трансформациялау, жоғары білім саласындағы теңсіздік және бірлескен зерттеу жобалары туралы мәселелер талқыланды. Осы жұмысты жалғастыра отырып, Ректорлар кеңесі 2018/2019 оқу жылында университеттердің ғылыми әлеуетін дамыту бойынша семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.
Кездесуде Қазақстан Республикасының Студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закариянов сөз сөйледі. Ол 2018 жылдың 20 қыркүйегінде өткізілетін Студенттік спорт күніне орай 2019 жылғы Қысқы Универсиаданың алауының Алматыға келгені туралы, сондай-ақ 2018/2019 оқу жылындағы ауқымды спорттық студенттік шараларға университеттердің қатысуы туралы баяндады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры Хәкімжан Малаев бірқатар қаржылық-экономикалық мәселелерге тоқталды, атап айтқанда, жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне демалыстарына ақы төлеуді есептеу мәселесін көтерді.
Кездесу соңында Такир Балықбаев Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған іс-шараларға дайындық туралы әңгімелеп берді және Алматы қаласы мен Алматы облысының жоғары оқу орындарының ректорлары мен өкілдерін қатысуға шақырды.
Кездесу жастар мен студенттер арасында футзал бойынша әлем чемпионатына қолдау көресетіп, ұйымдастыруға ат салысқан жоғары оқу орындарының басшыларын Алматы аймағы жоғары оқу орындарының Ректорлары кеңесі және футзал ұлттық лигасы атынан алғыс хаттарымен марапаттаумен аяқталды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
|