қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
12.09.2022

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымның атауы:

Қоғаммен байланыс департаментінің видеооператоры

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1)Қоғам өткізетін барлық іс-шараларға қатысу;

2)бейнематериалдарға монтаждау жүргізу;

3)түсірілімге кетер алдында жабдықтардың (камера, микрофон, батареялар) жұмысқа жарамдылығын және өнімділігін тексеру;

4)түсірілімге бару және бейнематериалдарды дайындау;

5)телестудия камерасына бейнетүсірілім жүргізу;

6)түсірілім кезінде жазбаның сапасын бақылау;

7)жұмыс істейтін компьютердің жадындағы және телестудия базасындағы дискідегі бейнематериалдар мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету;

8)түсірілімнен кейін алынған материалдың саны мен сапасы туралы басшылықты, бейне редакторды хабардар ету;

9)өз жұмысының жоспарлы болуын қамтамасыз ететін шараларды қабылдау, есеп беретін аппаратураның жарамсыздығы туралы басшылыққа және техникалық қызметке уақтылы хабарлау.

Іссапарларға шығу:

-

Білім:

арнайы техникалық білім. Тиісті лауазым бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

кәсіптік салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар

Кәсіби құзыреттер:

- бейнематериалдарды өңдеу негіздерін білу;

- әртүрлі бейнетехниканы пайдалана білу;

- кадрдағы түспен, жарықпен және композициямен сауатты жұмыс істеу;

- шығармашылық процесс және контент жасау және бейне өңдеу технологиясы, компьютерлік графика негіздері, анимация және арнайы эффектілер;

- бейнені өңдеудің техникалық құралдары және олардың жұмыс істеу принциптері.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Әдептілік, адалдық, белсенді өмірлік ұстанымы бар, стресске төзімділік, шығармашылық, ұйымдастырушылық, ұқыптылық, мұқияттылық, тез үйрену қабілеттерінің болуы маңызды.

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білуі (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ тілі - еркін

Орыс тілі - еркін

 

Компьютерлік дағдылар:

MS Office бағдарламалық өнімдерімен, графикалық бағдарламалармен және Social Media-мен жұмыс істеу

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2022 жылғы 04 қазанына дейін

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz