қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.06.2014

2014 жылдың 17-маусымы күні Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің «Білім» тобы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының «Қазіргі кезеңдегі бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау: жаңа уақыттың білім беру үрдісіне қояр талабы» тақырыбында мәжілісі өтті.
Мәжіліске ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОӘК «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша ОӘС-ның президиум мүшелері және еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Мәжілісті университет ректоры С.Ж. Пірәлиев ашып, жаңа уақыт талабының өзектілігі қазіргі кезеңдегі бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау екендігін атап өтті.
Мәжіліс барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, ф.-м.ғ.д., профессор Шүнкеев Қуанышбек Шүнкейұлы «Қазіргі кезеңде бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау: жаңа уақыттың білім беру үрдісіне қояр талабы» баяндамасын, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік унтверситетінің доценті, ф.-м.ғ.к. Жолымбаев Оралтай Мұратқанұлы «Болашақ мұғалімдерді даярлауда шағын комплектілі мектеп жағдайының ерекшеліктері» баяндамасын, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының доценті Дубский Юрий Васильевич «Қазіргі кезеңдегі педагогикалық кадрларды даярлау: мәселелері және шешеу жолдары» баяндамасын, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Абдулкаримова Глюся Алимовна «Қазіргі кезеңде педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыру: даярламаның негізгі бағыттары, мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Қатысушылар қазіргі кезеңдегі бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау туралы баяндамаларды тыңдап, талқылап, өз ойларын ортаға салды. Қорытындысында ҚР БҒМ жіберуге резолюция қабылданды және талқылаудан өткен оқу құралдары Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Білім» тобы мамандықтары бойынша ОӘС-нің грифімен жарық көру үшін баспадан шығаруға ұсынылып, оқулықтарға ҚР БҒМ-нің грифін беруге ұсыныс жасалды.