қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.12.2010

11 желтоқсан күні университетімізде «ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы және оның халықаралық маңыздылығы» атты дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге университет ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиев,  көрнекті ғалымдар, саясаттанушылар, жас ғалымдар, сонымен қатар студенттер қатысып ой бөлісті. Биылғы жылдың 1 - 2 желтоқсан күндері ЕҚЫҰ-на мүше елдер басшыларының Саммиті болып өтті. Бұл оқиға Тәуелсіз Қазақстан үшін үлкен мақтаныш. Саммит барысында Елбасымыздың  ұсынысымен  «Астана декларациясы» қабылданып, сонымен қатар түрлі мәселелер өз шешімін тапқан болатын.