қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.10.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ-да

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

 

2018 жылы 8 қазанда Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті.


Жиналысқа университеттің проректорлары, құрылымдық бөлімдердің басшылары, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

 

Жолдауды талқылауға жиналғандар Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орнының 90 жылдық мерейтойы мен Елбасы Жолдауының 5 қазанға сәйкес келуін ерекше ықыласпен қабылдады.

 

Кездесуді ашқан ректор Такир Балықбаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының өзекті мәселелеріне тоқталды. Ректор Елбасының негізгі бастамаларына сәйкес білім берудің сапасы мен қолжетімділігіне, мектепке дейінгі білім беру сапасын жоғарылатуға, білім беру ісінде 4К моделінен туындайтын креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылатындығын айтты.

 

Ректор Елбасының «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет» деген бастамасы мұғалімдер үшін үлкен серпіліс болғанын айтты.

 

«Біз педагогикалық білім беру мекемесі болғандықтан, бұл мәселе бізге тікелей байланысты. Қазіргі кезде білім беру сапасына қойылатын талаптардың артуы аса маңызды. Оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы; оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу; Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату - жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі болып табылады.

 

Президенттің халыққа арнаған әрбір жаңа Жолдауы мемлекетіміздің табысты дамуының анықтаушы векторы, еліміздің стратегиялық маңызды құжаты.

 

Қазіргі кезеңдегі білім беру саласында бірқатар жаңа міндеттер анықталды, оған байланысты Жолдауда келесі өзекті мәселелер қарастырылған:
- 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу;

- мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту;
- орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аудару;

- жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейту.

 

Біз Президенттің Жолдауында жүктелген стратегиялық міндеттерді, әсіресе педагогикалық салаға берген тапсырмаларды, жас ұрпақ игілігі үшін және Отанымыздың табысты дамуы үшін дер кезінде жүзеге асыруға шақырамыз», деді ректор.


Жиналыста Жолдау бойынша оқу - әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Ғабит Кенжебаев, Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков («Елбасы халыққа жолдауының саяси -әлеуметтік мәні»), құқықтану кафедрасының профессоры Бақытжан Төлеубекова («Мұғалімдердің мәртебесі туралы» ҚР Заң жобасы) баяндама жасады.


Президенттің Жолдауын талқылауға қатысқан студенттердің қатарынан Тарих және құқық институтының екінші курс студенті Азиз Байназар және Математика, физика және информатика институтының төртінші курс студенті Анна Клим сөз сөйледі.


Кездесуде қатысушылартарапынан сұрақтар қойылып, Елбасының Жолдауының міндеттерін жоғары деңгейде жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім