БІЛІМ КҮНІ
1 қыркүйек күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Білім күніне арналған салтанатты мереке өтті.
Университет ректоры, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев оқу орнының профессор-оқытушылары мен студентерін, магистранттарын білім күнімен құтықтай келіп, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлемдік білім кеңістігіне ену,халықаралық инновациялық технологияларды игере отырып, білім беру сапасын арттыру жөніндегі игі істері туралы айтты. Үстіміздегі жылғы жоғарғы оқу орындары арасындағы рейтингтің қорытындысы бойынша университет республикадағы педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1- орынға шықты. «Бұл- біздің ұстаздарымыздың болашақ мамандарға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы қажырлы еңбектерінің жемісі. Сондықтан мен ұстаздар қауымына алғыс айтамын,»-- деді Серік Жайлауұлы.
Ректор бұдан кейінгі сөзін университет табалдырығын жаңа аттаған 1- курс студенттеріне арнады.
86 жылдық тарихы бар, еліміздегі тұңғыш жоғарғы оқу орыны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік және ғылыми орталығы болып табылады. Мұндағы оқу ғимараттары, студенттер аудиториялары, дәріс залдары, зертханалар уақыт талабына толық жауап бере алады. Заманауи техникалық құралдармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Арнаулы мултимедиялық кабинеттер, интерактивті тақта, компютерлік сыныптар, лингафондық дәрісханалар студентерге ақпараттар әлеміне кедергісіз енуіне толық мүмкіндік береді.
«Студентерге білікті профессор- оқытушылар дәріс оқиды. Атап айтқанда, 183 ғылым докторлары мен профессорлар,421 ғылым кандидаттары- доценттер, 137 ғылым магистрлері, 13 ҚРҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелері, 37 қоғамдық ғылымдар академияларының академиктері бар.
Әлемдік білім кеңістігіне ену, білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкестену үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытып келеміз. Италияның Болон университетінде Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою арқылы дүниежүзінің беделді университеттерімен әріптестік байланыстарға қол жеткізіп отырмыз. Атап айтқанда қазіргі таңда 30 мемлекеттің 115 ЖОО-мен, халықаралық ұйымдармен және ассоцияциялармен келісім-шарт бойынша әріптестік қарым қатынас жасап келеміз,»-деді ол.
Ректор С. Ж. Пірәлиев бұдан кейін оқуға жаңа түскен талапкерлерге «Студенттік билет» пен «Білім кілтінің» символикасын тапсырды.
Фотосуреттерге сілтеме