Главная
Новости
12.10.2018 Стамбулдағы Эразмус+ байланыс семинары
2018 жылдың 8-9 қазанында Халықаралық ынтымақтастық басқармасының халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Маржан Таджиева Еуропа Комиссиясы ұйымдастырған Ыстамбұлдағы (Түркия) Эразмус+ байланыс семинарына қатысты. Бұл семинар Орталық Азия елдеріне бағытталған, оған 33 Бағдарлама елінен 200-ге жуық ЖОО өкілдері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты Орталық Азия университеттері мен Эразмус+ бағдарламалар қамтылған елдері арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты жақсарту болып табылады. Іс-шара Эразмус+ барлық халықаралық әрекеттеріне арналып, «Жоғары білім саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) және «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» (ХКҰ) жобаларына назар аударды.
Пленарлық мәжілістер мен сессиялар барысында, сондай-ақ бейресми қарым-қатынаста (желіде) қатысушылар Бағдарлама елдерінің жоғары оқу орындарымен тікелей байланыс орнатып, екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Эразмус+ жобаларында болашақ жобалардың мазмұнын талқылады.
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы |