Главная /
Объявления
08.11.2022 Ғылыми семинар өткізіледі
2022 жылдың қараша айының 10-ы күні Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен докторанттарға арналған ғылыми семинар өткізіледі. Ғылыми семинардың басты мақсаты - ғылыми салада пікір алмасу, докторанттардың ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіру, ғылымда өзін-өзі көрсетуге және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылдыру, инновацияларды сынақтан өткізу. Ғылыми семинардың модераторы PhD доктор, қауымдастырылған профессор Г.Т. Абитова.
Семинардың спикерлері: 1. Ахметов А.А., 8D01103-Білім берудегі менеджмент мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы «Консорциум моделі бойынша студенттердің білімін басқарудың ғылыми-практикалық негіздері».
2. Жолдасбекова Д., 8D01901-Дефектология:Арнайы педагогика мамандарын даярлау мамандығының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы «Түзету педагогикалық қызметке болашақ мұғалімдерді даярлаудың қазіргі кездегі өзекті мәселелері».
3. Турсынбек Ғ.П., 8D01301-Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы ««Педагогикалық имидж» ұғымының мәні, құрылымы және қызметі».
4. Ашимханова Г.С., 8D01901-Дефектология:Арнайы педагогика мамандарын даярлау мамандығының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Заманауи білім беру жүйесінде «құзыреттілік және «құзырет» ұғымдары».
5. Ауезова А.А., 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы «Мектепке дейінгі ересек жас балаларының конструктивті ойындар арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың қазіргі жағдайы».
|