Главная
Новости
05.09.2014 « Сорбонна -Қазақстан» институты ашылды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында Сорбонна - Париж сити француз университетінің «Сорбонна -Қазақстан» институтын ашу туралы 2013 жылғы 17 қыркүйекте екі оқу орыны басшылары Мемерандумға қол қойған еді. Осы келісім-шартқа байланысты 2014 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да тұңғыш «Сорбонна -Қазақстан» француз институты ашылып отыр. Аты әлемге әйгілі Сорбонна - Париж сити университетінің құрлымы бұрын Біріккен Араб Әмірлігінде ғана ашылған болса, енді Қазақстанда ашылуы ел өміріндегі елеулі оқиға. Бұл бастаманы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолдап отыр. Үкімет 60 мемлекеттік оқу грантын бөлгізді. Үстіміздегі алғашқы оқу жылында «Сорбонна- Қазақстан» француз институтының магистратурасына «Халықаралық қатынастар» және «Менеджмент» мамандығы бойынша 60 адам оқуға қабылданып, оның бәрі мемлекеттік грантқа ие болды. Алдағы уақытта бұл оқу орнында педагогика, әлеуметтану, саясаттану, сәулет және дизайн мамандары даярланатын болады. Сондай-ақ болашақта «Сорбонна-Қазақстан» француз институтында Қазақстан жастары ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан республикалары жастарының да француз тілінде білім алуына кең жол ашылды.
Ақпарат орталығы |