қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.10.2018

Жобаны басқару бойынша семинар-тренинг өтті

 

2018 жылдың 10 қазанында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Стандарттау Академиясының жетекшісі, PRINCE 2 және IPMA-level «A» сертификаттау деңгейлері бойынша Қазақстанның жетекші жобалық менеджерлерінің бірі, э.ғ.д. Бауыржан Ерешев тренинг бағдарламасын өткізді.

 

Семинарға университет ректоры Такир Балықбаев, проректорлар және құрылымдық бөлім басшылары қатысты.

 

Семинардың мақсаты: жобалық менеджменттің теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын игеру; жобадағы командалық жұмыс технологиясын дамыту; жобаны басқаруды насихаттауды күшейту механизмдерімен таныстыру; жобаларды басқару және стратегиялық жоспарлау бойынша мамандарды даярлау; ғылым мен білім берудегі серпінді инновациялық жобаларды қалыптастыру үшін мамандардың шығармашылық тобын құру; ҚазҰПУ қызметкерлерін Корпоративтік жобаларды басқару жүйесі (КЖБЖ) негізінде жобаларды басқарудың негізгі процестеріне оқыту; кәсіби мамандардың жобалық командасын қалыптастыру.

 

Корпоративтік жобаларды басқару жүйесі ұйымдағы жобаларды басқару процестерін қолдайтын ұйымдық, әдістемелік және ақпараттық құралдардың кешені болып табылады. Корпоративтік жобаларды басқару жүйесі қолдану табысты жобалардың санын (ішкі және сыртқы) арттырады және жобалық қызметтің тиімділігін арттырады.

 

Семинар барысында Бауыржан Ерешев жобаны басқару және жобаны жоспарлау туралы ақпарат беріп, КЖБЖ тұжырымдамаларымен құрылымдарына, олардың мүмкіндіктері, КЖБЖ құрудың нәтижелеріне тоқталды, бұл университет басшыларына университеттің стратегиялық мақсаттарына бағытталған жобалардың теңгерімді портфелін жасауға, жобалық портфельдің орындалуын талдауға, барлық жобалардың «бірыңғай көрінісін» алуға, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бақылауға, университеттің ресурстарын пайдалануды бақылау және үйлестіру, жобаның уақытын және оның бюджетін бақылауға, Жобаның негізгі бағыттары бойынша жалпы прогрессті бақылауға, мерзімді түрде жобаның аудитін жүргізуге, жобалық қызмет атқару және уақытылы түзетуші әрекеттерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігі туралы айтты.

 

Кездесу соңында Абай атындағы ҚазҰПУ-да жобаларды басқаруды жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім