Главная
Новости
22.10.2018 Шетелдік білім алушылардың Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының өкілдерімен кездесуі
2018 жылдың 17 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Халықаралық ынтымақтастық басқармасы шетелдік азаматтардың Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы Данияр Аденовпен кездесу өткізді.
Аға инспектор Данияр Аденов шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуі және болуы, шетелдік азаматтардың Қазақстаннан кету ережелері мен уақытша болатын тіркеу ережелері, Қазақстан Республикасының аумағында жүру, визаларды алу туралы және т.б. сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында студенттер тарапынан қойылған көші-қон заңнамасының ережелеріне қатысты сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы |