қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
09.12.2022

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған шахматтан турнир өтеді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институның «GARDE» шахмат клубы 2022 жылғы 10 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) арналған шахматтан турнир өткізуді жоспарлап отыр.

 

Турнирдің негізгі мақсаты - студенттердің шахматқа деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және ойын логикасында зейінділігін дамыту, ойын барысындағы қозғалыстың әртүрлі нұсқаларын жылдам және дәл есептей білу; жеңіске деген ерік-жігерді және басқа да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Ережелері: ойын 7 тур бойынша өткізіледі (швейцариялық жүйе). 7 ойын толық ойналады. Жеңілген шығып кетпейді. Очко сандары тең болған жағдайда Бухкольц коэффициенті барлығын шешеді. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталады!

 

Турнирдің өтетін орны: Төле би, 86 (акт залы).

Турнирді өткізу күні: 10.12.2022 жыл.

Турнирді өткізу уақыты: сағат 11.00-де.