қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.10.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «дөңгелек үстел»


2018 жылдың 23 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Саналы ұрпақ» жобасы бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. Аталмыш жобаның жетекшісі Қайыржан Тоқушев жобаны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқына арналған «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында әзірлеген.

  
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.


Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, құрылымдық бөлім басшылары, заң ғылымының беделді профессорлары қатысты. 


Дөңгелек үстел барысында жемқорлықтың қалыптасуы мен орын алуы, жемқорлықты шектеу, жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізу және жемқорлықтың алдын алу,сыбайлас жемқорлықтың саяси және қоғамдық институттарға теріс әсер ету мәселелері қарастырылып, сыбайлас жемқорлық еліміздің даму болашағына елеулі қатер төндіретініне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, әлемде теңдесі жоқ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірегей ғылыми және білім беру кластері талқыланды. 

 

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар: тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқық бұзушылықта кінәлі деп танылған жауапты адамдарды ғана тартуға болмайды; Сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және оны тудыратын себептерді жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, білім беру, тәрбиелік, ұйымдастырушылық және басқа да шаралар жүйесі қажет екендігін айтты.