қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
22.12.2022

Алматыда бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар байқауы басталды

 

2022 жылғы 22 желтоқсанда Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасы Алматы қаласының бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар конкурсының басталғанын хабарлайды. Байқауға зерттеу жұмысын немесе құрылымы байқау туралы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жобаны дайындаған білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары ерікті түрде қатысады.


Байқау 1-2 сыныптар; 3-4 сыныптар, яғни екі жас тобында келесі пәндік бағыттар бойынша өткізіледі:

 

- Білім беру жобалары мен зерттеулері (пәндік салалар бойынша: математика, қазақ (орыс, ағылшың) тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, дүниетану, көркем еңбек, бейнелеу өнері, цифрлық сауаттылық, музыка).

- Әлеуметтік жобалар.

 

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері білім алушылардың зияткерлік әлеуетін жан-жақты дамыту; оларды ғылымның, техниканың, мәдениеттің әртүрлі салаларындағы зерттеу қызметіне тарту; жобалау, ғылыми, талдамалық жұмыс дағдыларын дамыту; оқу үдерісінде алған білімдерін тәжірибеде қолдану; зерттеу жобаларын ұсыну кезінде зерттеу қызметіне, ұйымдастырушылық, әдістемелік қолдауға бейім білім алушыларға қолдау көрсету болып табылады.

 

1-10-ақпан аралығында мектепте тур өткізіп, жұмыстарды іріктеуді, жартылай финалға қатысуға ұсынысы бар мектеп турының хаттамасын ресімдеуді ұсынамыз.

 

10-ақпаннан 1-наурызға дейін оқушылар мектеп турының ұсынымдары бойынша өз жобаларын жақсартып, толықтырып, ғылыми жетекшінің (студенттер, магистранттар, мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтары, ата-аналар) пікірін және сыртқы пікірді (әдіскерлер, ЖОО педагогтары немесе жоба бейіні бойынша ғалымдар) алулары тиіс.

 

1-10-наурыз аралығында жартылай финалдық кезеңге қатысу үшін жұмыстар тіркеу сауалнамасы арқылы тіркеледі. Жартылай финалдың барлық қатысушылары алғыс хатпен марапатталады.

 

10-30-наурыз аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ ПжП институты оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, серіктес-ЖОО және Алматы қаласының мектеп мұғалімдерінен тұратын комиссия финалға қатысу және жобаларды көпшілік алдында қорғау үшін жұмыстарды іріктейді. Финалға қатысушылар жеңімпаз дипломын (1-3 орын) алады.

 

1-10-сәуір аралығында жария түрде қорғау және жеңімпаздарды марапаттау өтеді (Абай атындағы ҚазҰПУ-да).

 

Байқау туралы ереже бойынша сілтеме:

https://drive.google.com/file/d/1CUsEF55f4GwvAS22BQ7gS5Qwn2eGF_iH/view?usp=share_link

 

Жұмыстарды тіркеу сауалнамасы бойынша сілтеме:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdpAsJr-1q83nVxK0tNmhUNSA7QUmueZB91fwH3mBAsX35ViA/viewform?usp=sf_link