қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.11.2018

«Достық - Таусылмас қазына»

 

2018 жылдың 31 қазанында ҚазҰПУ «Лидер» студенттер клубының ұйымдастыруымен Алматы қаласында орналасқан №1 облыстық балалар үйінде «Достық - Таусылмас қазына» тақырыбында мәдени - танымдық іс-шара өтті.

 

Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Балалардың мектептегі кезекті демалыс уақытын тиімді өткізулеріне ықпал ету. 2. Студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

 

Тәрбие сағатының міндеттері - балалардың бос уақытын ұйымдастыру; балалардың достық туралы түсініктерін кеңейту; өмірлік құндылықтар жүйесін қалыптастыру; балалар мен студенттердің коммуникативтік қабілеттерін дамыту; студенттердің кәсіби лидерлік сапаларын дамыту.

 

Іс-шараға 45 студент, жетекшілері Анар Әлімбекова және №1 балалар үйінің 102 тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қатысты.

 

Аталмыш іс-шарада студенттер балаларға «Достық - Таусылмас қазына» тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында атақты адамдардың, ғалымдардың, философтардың достық туралы сөздерін айтып, мысалдар келтірді. Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевқа достарының жастық шағына арнап жазған естіліктері оқылды. Халықаралық достық туралы айтылып өтті. Сонымен қатар «Ерекше достық» аталған Коста-Рикалық балықшы мен қолдырауын арасында 20 жылға созылған достық тарихын айтып берді. Балаларға іс-шара өте қызықты болғандықтан, студенттердің жиі келіп тұруларын сұрады. Көңілдері көтеріліп, студенттермен бірге ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.


Кездесу соңында студенттер барлық балаларға сыйлықтар таратты. Сондай-ақ «Lider» студенттер клубының жетекшісі Анар Әлімбекова және № 1 балалар үйінің педагогтары сөз сөйлеп, балаларға және ұйымдастырушы студенттерге алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Лидер» клубы