қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.11.2018

«Денсаулық күні-2018» спартакиадасы

 

  

 

2018 жылдың 9-10 қараша күндері университетіміздің 90 жылдығы аясында профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар арасында «Денсаулық күні» Спартакиадасы өткізілді.


Спартакиада футбол, волейбол, үстел тенисі, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру ойын түрлері бойынша өтті. Шараға 8 команда 600-ден астам спортшы қатысты.


Спорттық мерекені университетіміздің ректоры, профессор Такир Балықбаев ашып, барша спортшыларға алдағы ойындарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 3-4 қараша күндері Астана қаласында өткен киокушинкай карате бойынша 2-ші Әлем чемпионатының қола медалінің жүлдегері, университетіміздің студенті Айжан Шарапованы жеңісімен құттықтады.


Шара 500-ге жуық студенттерден құралған флешмобпен ашылып, одан әрі командалардың шеруіне, дене шынықтыру және спорт кафедрасы жанында спорттық секциялардың көрінісіне ұласты.


Спартакиада қорытындысында жалпы командалық есеп бойынша Өнер, мәдениет және спорт институтының командасы 46 ұпаймен 3 орынды иеленді. Педагогика және психология институтының командасы 51 ұпаймен 2 орынға орналасты. 1 жүлделі орынды 66 ұпаймен Математика, физика және информатика институтының командасы қанжығасына байлады. Жүлдегерлер ректор грамотасымен және ақшалай марапатталды. Одан басқа спорт түрлері бойынша жүлделі орындар мен үздік ойыншылар да марапатқа ие болды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департамент