қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
06.03.2023

Докторанттардың ғылыми семинары

 

2023 жылғы 9 наурыз күні сағат 14.00-де Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен докторанттарға ғылыми семинар өткізіледі. Ғылыми семинардың модераторы - «8D01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-ші курс докторанты Садибекова С.С.

 

Семинар баяндамашылары:

1. Жигитов А.Б., «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп оқушыларын кәсіпке дейінгі даярлау».
2. Сатимбекова А.Ә., «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Инклюзивті оқыту жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар кіші жастағы оқушыларға арналған ағылшын тілінен тапсырмаларды құрастыру»
3. Сарсенбаева Г.Х., «8D01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамыту»
4. Садибекова С.С., «8D01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Педагогикалық колледж кітапханасының цифрлық бағыттағы оқыту ресурстарын бағалау»
5. Абжанова С.С., «8D01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Табыс жағдаяты негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастырудың әдістемесі».
6. Зулпыхарова М.М., «8D01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Студенттердің академиялық дарындылығын дамытудың әдіснамалық маңызы»
7. Туздыбаева А.А., «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Мектеп жасына дейінгі балалардың (5-6 жас) сыни тұрғыдан ойлаудың ғылыми теориялық негіздері».