Главная /
Объявления
24.03.2023 Абай университеті PGCE бағдарламасы бойынша курстар ұсынады Сіздің жоғары біліміңіз бар, бірақ оқу орындарында сабақ бере алмайсыз ба? Сізде PGCE (Postgraduate Certificate in Education) бағдарламасы бойынша курстардан өту мүмкіндігі бар.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білімі жоқ, кәсіптік білімі бар адамдарды педагогикалық қайта даярлаудың сертификаттау курстарының бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асырады.
Курстарда кәсіби білімі бар, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін барлық тілек білдірушілер білім ала алады. Кадрларды қайта даярлау бағдарламасы педагогикалық қайта даярлау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады*.
PGCE бағдарламасының бірқатар артықшығы бар: - Мұғалімдер жұмысының сапасын арттыру; - Оқытудың заманауи әдістері; - Белгілі бір пәндік салалардағы мамандандыру; - Кәсіби даму мүмкіндіктері; - Мұғалімдердердің тапшылығын азайту және олардың мамандықтан кетуіне жол бермеу; - Педагогикалық Minor-бағдарламалар бойынша қосымша оқу модульдерін алу мүмкіндігі.
Оқу мерзімі 6 ай, құжаттар жыл бойы қабылданады, педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын сәтті меңгерген тыңдаушыларға ұлттық білім беру деректер базасына енгізілген сериясы мен нөмірі бар сертификат беріледі.
Оқыту форматы - қашықтан, Moodle платформасы қолданылады.
Оқыту құнын есептегенде игерілген пәндер бойынша оқыту нәтижелерін қабылдау, және білім беру ұйымдарында педагог ретінде жұмыс істейтін тұлғалар үшін 10 ECTS көлемінде педагогикалық практикасы қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі: - Жеке куәлік көшірмесі (2 дана); - Диплом (түпнұсқа) мен нотариус куәландырылған транскрипт; - 3*4 фото (2 шт).
Қазіргі уақытта қабылдау білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес мектеп педагогтерін даярлаудың барлық бағыттары бойынша жүргізіледі:
Абай атындағы ҚазҰПУ барлық ниет білдірушілерді PGC бағдарламасы бойынша курстардан өтуге шақырады.
Байланыс телефондары: тел. 8 771 205 55 54, 2 91 43 61 *Педагогтік қайта даярлау қағидалары «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін педагогикалық білімі жоқ тұлғаларды педагогикалық қайта даярлау (бұдан әрі -курстар) тәртібін айқындайды.
|