Главная
Новости
19.11.2018
Әлемнің Франкофондық университеттері ректорларының халықаралық форумы
19 - 21 қараша аралығында Парижде (Франция) өткізілетін маңызды форумға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев бастаған делегация қатысты. Делегация құрамында Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сабитова және Қазақстандағы Франция Елшілігінің университеттік ынтымақтастық жөніндегі атташесі Жиль Маметц бар.
Форумда қойылған Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтының стендінде ұсынылған материалдармен Франция Республикасының Премьер-Министрі Эдуард Филипп мырза, Францияның Білім министрі Фредерик Видаль, AUF ректоры Жан Поль де Годемар және басқа да қатысушылар ынта қоя танысты.
AUF президенті ҚазҰПУ ректоры Балықбаев Такир Оспанұлын Орталық Азия аймағындағы Франкофония елшісі деп атады.
|