қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.11.2014

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрамындағы «Сорбонна-Қазақстан» Институты


   Қазақстан бүгінде әлемдік білім беру кеңістігіне университеттердің жаһандық желісіне кіру арқылы, байланысты интернационализациялау, ЖОО бағдарламаларын салыстыру, жоғары білім туралы құжаттардың өзара мойындалуы үшін қарқынды жұмыс жасауда.
Қос диплом-біздің университетіміздің барлық халықаралық бағдарламаларының үзілмес жібі іспеттес: біз мұны қос дипломды жоғары білім беру мекемелерінің арасындағы әріптестіктің нық үлгісі ретінде қарастырудамыз.


   Сорбонна-Қазақстан Институтын ашу мақсатында - Сорбонна Париж сити университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымдары көп жұмыс атқарды.

2013 жылы 17 қырқүйекте Сорбонна Париж сити университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында қызметтестік туралы Меморандумға қол қойылды.
2014 жылы 29 мамырда Париж қаласы Сорбонна университетінің Президенті Жан-Ив Мэриндоль мырза мен Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиев қосдипломдық магистрлік екі бағдарлама жасау туралы Меморандумға қосымша Келісімге қол қойды. Онда қаржыландыру, студенттерді іріктеу, білім беру бағдарламаларының мазмұны, оқу мерзімдері, білім туралы берілетін құжаттар түрі мен мәртебесі сияқты барлық мәселелер келісілді.

   2014 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелерінің» талаптарына сәйкес қабылдау жүзеге асырылды. Конкурсқа Қазақстанның Павлодар, Қарағанды, Астана, Қостанай және Алматы сияқты әр түрлі аймақтарынан 130 талапкер қатысты.
   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2014/2015 оқу жылына 60 мемлекеттік білім беру грантын бөлді.
  Талапкерлерді іріктеп алуға Сорбонна Париж сити университетінің профессорлары мен Француз республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының қызметкерлері қатысты. Талапкерлермен әңгімелесу және олардың жеке іс-қағаздарын қарау үшін қазақ-француз комиссиясы құрылды.

2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Жаһандану жағдайларындағы халықаралық диалог» және «Заманауи әлемде өзгерістерді басқару» атты екі бағдарлама бойынша магистрлер даярлау басталды.

Біздің түлектеріміз «Халықаралық қатынастар» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша мемлекеттік үлгідегі Қазақстандық дипломға сонымен қатар аталған білім беру бағдарламаларына сәйкес француз дипломына ие болады.

Осындай жолмен білім алудың артықшылықтары айқын көрініп тұр: дәл сол оқыту кезеңінде студенттер екі елде де заңды мәртебесі бар қос диплом алады. Осы уақыт ішінде магистранттар француз әдістемесі бойынша жұмыс істеу жөнінде бай тәжірибе жинақтайды, материалды меңгерудің қазақстандық студенттер үшін соны әдістерін үйренеді. Аталған бағдарлама бойынша алынған Сорбонна дипломы түлектерге көп артықшылық береді: мұндай дипломды француздық қана емес, басқа да шет елдердің жұмыс беруші компаниялары жоғары бағалайды.
Мұндай жобаның мемлекеттераралық интеграциялық үдерістерді дамытуға зор ықпал ететіні анық.

2014 жылғы 11 қыркүйекте Француз Республикасы сенатының «Франция-Орталық Азия» Парламенттік достық тобының делегациясы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға келді. Делегация құрамында сенатор Андре Дюлэ мырза, делегация мен аталған достастық тобының басшысы, бұрынғы білім министрі  Доминик Жийо ханым, Катерин Прокация ханым және «Франция-Орталық Азия» достық тобының атқарушы хатшысы Мишель Лафландр мырза болды.
Тараптар жоғары білім беру саласындағы Қазақстан-Француз қарым-қатынасының дәйекті түрде дамып келе жатқанына, соның бір көрінісі ретіндегі «Сорбонна-Қазақстан» Институтының ашылуына қанағаттанғандық сезім білдірді.
Сенаторлар«Сорбонна -Қазақстан» Институтын аралап, магистранттарға дәріс оқыды, сұрақ-жауап түрінде пікір алысу өткізілді.

Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибесі оның ЖОО арасындағы халықаралық қарым-қатынастарды орнатудағы белсенді рөлін және осындай педагогикалық іс-тәжірибе үлгісінің заманға сай екендігін, оның тиімділігін, жаһандық сұранысқа ие болатындығын көрсетеді