қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.12.2014

Педагогика және психология мамандықтар кафедрасы, 2-курс магистранттарының ұйымдастыруымен 29 қараша күні сағат 14.00-де «Елбасы мұраты - ел бақыты» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары, педагогика және психология мамандықтар кафедрасының магистранттары қатысты. Аталмыш іс-шарада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы талқыланды. Әрбір қазақстандықтың тұрмысын жақсартып, экономиканың өсуіне бағытталған жолдауды магистранттар жеті инфрақұрылым бойынша қандай жаңалықтар, өзгерістер жүзеге асатыны жөнінде жеке-жеке таныстырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар магистранттарға өздеріңіздің сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.