қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.11.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы Франциядағы ҚР Елшілігінде болды

 

2018 жылдың 22 қарашасында Париж қаласында Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшісі Жан Галиев ректор Такир Балықбаев бастаған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің делегациясын қабылдады.

 

Кездесу барысында Франциядағы ҚР Елшісі мен ректор Такир Балықбаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтын одан әрі дамыту туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, Сорбонна-Қазақстан институтының келешегі, оның серіктестерімен жаңа меморандумдар мен келісімдер жасаудың маңыздылығы туралы мәселелер талқыланды.

 

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Галиев дипломатиялық қызметке кадрларды даярлаудың, атап айтқанда, «Халықаралық қатынастар» және «Халықаралық құқық» саласындағы білім берудің маңыздылығы туралы өз пікірін білдіріп, Сорбонна-Қазақстан институтының дамуына үлкен табыстар тіледі. Ол сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтын дамытуға Қазақстанның Франциядағы Елшілігі тарапынан толық қолдау көрсететілетіндігі айтылды.