қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.11.2018

Педагогикалық білім беру бойынша семинар

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева және халықаралық бағдарламалар бөлімінің бастығы Маржан Таджиева 2018 жылдың 27-29 қараша аралығында Окаяма Университетінің (Жапония) серіктестерімен ЮНЕСКО Бангкок, ЮНЕСКО Йорк университетінің кафедрасы (Канада), Окаяма қаласы және Азия-Тынық мұхит аймағындағы ЮНЕСКО-ның мәдени орталығының ұйымдастыруымен болған «Towards Achieving the Sustainable Development Goals through Education» педагогикалық білімге арналған «Тұрақты даму үшін білім беру» (ESD) семинарына қатысуда.

 

Бұл іс-шараның мақсаты - педагогикалық мамандықтарға арналған ESD (Education for Sustainable Development- Тұрақты даму үшін білім беру) бойынша бағдарламалар әзірлеу және БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы орнықты даму мақсаттарына қолдау көрсету үшін ESD білім беру бағдарламаларының ықтимал жобаларын талқылау. Талқылау ESD семинарына қатысатын университеттік өкілдердің ұсынған бастамалары мен тәжірибелеріне негізделген.

 

Семинар аясында қатысушыларға бастауыш мектептерге бару ұйыдастырылып, Йорк университетінің ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Чарльз Хопкинс (Канада), Саусхэмптон университетінің профессоры Маркус Грейс және Азия-Тынық мұхиттық білім беру орталығының халықаралық қарым-қатынас бойынша (Корея Республикасы) профессоры Утак Чангтың қатысуымен дәріс оқылды, сондай-ақ ESD бойынша біліктілікті және білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша топтарда бірқатар нәтижелі жұмыстар  жүргізілді.

 

   

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы