Главная
Новости
01.12.2018
Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, студенттер, магистранттар мен докторанттар! Тұңғыш Президент күні - бұл тарихи таңдау күні, Қазақстандағы ұлттық бірлік пен келісімнің күні. Еліміздің тұңғыш Президенті ежелгі Қазақстанның барлық жетістіктерімен байланысы бар, әлемдік ауқымдағы көрнекті саяси қайраткер, өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын мысалы ретінде тарихта мәңгілікке қала бермек.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - мемлекеттің үздік әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына, бәсекеге қабілетті мемлекетті құруға күш-жігері мен талантын аянбай жұмсаған көрнекті мемлекет пен саяси қайраткер. Сондықтан, Елбасының стратегиялық ойлары мен көреген саясаты әлемдік көшбасшыларды мойындатып, шынайы құрметке ие болды.
Құрметті әріптестер! Сіздерді осы маңызды мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір отбасына денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен игілік, егеменді мемлекеттің өркендеу жолында жасампаз еңбектеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Біздің барлық іс-әрекеттеріміз жемісті болсын, болашағымыз жарқын болсын!
|