қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
24.04.2023

«KazDual Observatory» дуальды оқыту обсерваториясының тұсаукесері өтеді

 

Абай университеті KazDual жобасының командасы «KazDual Observatory» дуальды оқыту обсерваториясының ашылу тұсаукесеріне шақырады. Іс-шара 2023 жылдың 25 сәуірінде сағат 11.00-де өтеді.


Дуальды оқыту және кәсіби білім беру желілік зерттеу орталығы - KazDual обсерваториясы Қазақстан Республикасында дуальды оқытуды дамыту мақсатында Erasmus+ бағдарламасы бойынша 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE - SP - «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу - KazDual» жобасы аясында Абай университеті базасында құрылды.

 

2022-2023 оқу жылында Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кафедрасы NGS Жаңа буын мектебімен табысты іске асырылып жатқан «6В01303 - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» білім беру бағдарламасының пилоттық бағдарламасы іске қосылды.

 

«KazDual Observatory» дуальды оқыту обсерваториясы Алматы қаласы, Төле би көшесі, 31, аудитория 12 (2-қабат) мекенжайында орналасқан.