«Қылмыстық процестегі келіссөз өндірісі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2018 жылдың 7 желтоқсан күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да Тарих және құқық институтымен Құқықтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қылмыстық процестегі келіссөз өндірісі: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Конституциялық реформа жағдайындағы құқықтық саясаттың жаңа басымдықтары аясындағы әдістемелік және қолданбалы аспектілері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қазақстанның қылмыстық процесі үшін жаңалық болып табылатын процессуалдық келісімді қолдану жалпы әлемдік практикада жеткілікті түрде мақұлданған институттарға жатқызылады. Құқықтың ұлттық жүйесінің шиеленістерін шешудің тиімді тәсілін қабылдау салалық құқықты жетілдірудегі едәуір кезең ретінде бағаланады. Құқықтың қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық саласын ізгілендіру толықтығына қол жеткізу үшін жаңа жол табылғандай көрінуі мүмкін. Жалпы, Қазақстанның қарастырылып отырған бөліктегі әлемдік құқықтық кеңістікке нақты кіруіне куә болатын айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгені сөзсіз.
Алайда бәрі соншалықты оңай емес. Әуел бастан бөтен институтты қылмыстық процестің төтеп берген ұлттық құрылымына механикалық қосылуы құқықтық қарама-қайшылық ретінде бағалануы мүмкін қағидаларды қалыптастыруға алып келетіні сөзсіз. Ондай сипаттағы салдардың себептерінің бірі қағидаттар жүйесі 1997 ж. бері ҚР ҚПК өзгеріссіз күйінде сақталғандығынан тұрады. 2014 ж. ҚР ҚПК қатысты (01.01.2015 ж. қолданысқа енгізілген) медиация мен процессуалдық келісім туралы ережелер қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамада жоқ диспозивтілік қағидатына негізделетіндігін айта кеткен жөн.
Бұл медиация да, процессуалдық келісім де сот ісін жүргізудің бекітілген қағидаттарының ықпалына түспейтіндігіне көз жеткізу үшін негіздің бірі болып табылады және олардың заңдылығы туралы мәселені шешу зерттеліп отырған жаңа қатыснастарды реттейтін жаңа қағидатты қабылдауда қарастырылады. Әдебиеттерде медиация мен процессуалдық келісім туралы нормаларды практикалық қолдануды қиындататын қарама-қайшылықтарды жою үшін «мақсатқа сәйкестік» деген шартты атаумен арнайы қағидатты енгізу ұсынылады.
Баяндалған және басқа да жағдайлар ҚР БҒМ гранты негізінде «Қылмыстық процестегі келіссөз өндірісі: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Конституциялық реформа жағдайындағы құқықтық саясаттың жаңа басымдықтары аясындағы әдістемелік және қолданбалы аспектілері» (зерттеу кезеңі: 2018-2020 жж.) тақырыбында жүзеге асырылған іргелі зерттеулер аясында ұйымдастырылған осы конференцияның негізгі бағытын анықтау кезінде назарға алынды.
Тарих және құқық институты