қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.12.2014

Жаңажылдық думан

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2014 жылдың 26 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты шоу-думан өткізілді.
Шара барысында университет ректоры С.Ж Пірәлиев студенттер мен магистранттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жыл бойы университеттің қоғамдық-мәдени өмірінде белсенділігімен ерекшеленген жыл үздіктерін марапаттады. Мерекелік кеште қазақстан эстрадасының жұлдыздары және университетіміздің өнерпаз студентерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар шара барысында қызықты ойындар мен викториналар өткізілді. Мерекелік шара би кешіне ұласты.