қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.12.2014

Тарихшы-ғалымдар Қордайдағы дүнгендер диаспорасы арасында болып қайтты


2014 жылдың 14 желтоқсаны күні Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Бұлар батыр ауылында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бір топ тарихшы ғалымдары болып қайтты.
Аталған аудандағы Заимка ауылының негізін салушы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысушы, 1917 жылы Жетісу босқындарына қол астындағы дүнгендерді ұйымдастырып, жәрдем берген Пішкек уезі, Никалаев болыстығының болыс басқарушысы Булар Магуевке арналған ескерткіш ашылып, қазақ-қырғыз ғалымдары қатысқан конференция өткізілді.
Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Айткүл Махаева «Благодетельный руководитель Караконузских дунган» деген тақырыпта ғылыми басндама жасады. Сондай-ақ конференцияда т.ғ.к. археолог А.А. Нұржанов, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Дүнгентану және қытайтану орталығының меңгерушісі, профессор М.Х. Имазов, Қырғыз Республикасы Ұлттық энциклопедиясының жетекші маманы Э. Тургенбаев және т.б. сөз алып, дүнген диаспорасы тарихын зерттеудің қажеттелігін және Бұлар Магуевтің Жетісу халқының тарихында олар орнын көрсетіп берді.
Жаңа №19 мектепке де Бұлар есімі берілді. Мектеп ұжымына Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедра оқытушы-профессорлары, т.ғ.д., профессор А. Махаева, т.ғ.д., С.С. Сайфулмаликова, т.ғ.к., доцент Е.А. Карибжанова, т.ғ.к. А.А. Нұржанов өз кітаптарын тарту етіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында Бұлар батырға арналған мұражай ашуды ұсынды.