Главная
Новости
12.12.2018 «Педагогиканың филисофиясы және әдіснамасы» пәнінен ашық сабақ
2018 жылдың 7 желтоқсанында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнінен 1 курс орыс бөлімінің докторанттарына ашық сабақ өткізді.
«Төңкерілген сынып» технология арқылы өткізілген ашық сабақта докторанттар оқу курсының нәтижелері мен жоғары деңгейде білімдерін көрсетті. Осылайша, «Педагогиканың философия және әдіснамасы» пәнінің негізгі мазмұны бойынша викторина жүргізіліп, педагогика философиясы дамуының тарихи кезеңдерінен сахналық көріністер қойылды және «Педагогиканың ғылымдар еліндегі шытырман оқиғалары» тақырыбында ертегі-қойылым көрсетілді.
Қатысқан қонақтар ашық сабақтың заманауи әдіс-тәсілдермен жоғары деңгейде мазмұнды өткенін ерекше атап өтті және докторанттарға қысқы сессияларын сәтті тапсыруға тілектерін білдірді.
|