Abai University КеАҚ 2022-2025 жылдарға арналған даму стратегиясының 4.2-тармағы «Абай университеті - педагогикалық зерттеу университеті» орындалуы:
- қызметкерлер арасында зерттеу мәдениетін насихаттау;
- университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін шағын гранттар бағдарламасын енгізу;
- ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметті дамыту саласындағы алқалы орган - Ғылыми-консультативтік кеңестің табысты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- университет ғалымдарынан түсетін гранттық өтінімдердің ішкі сапасын бақылау жүйесін құру;
- Ғылым онкүндігін ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;
- ҚР ҒЖБМ және басқа да ұйымдармен гранттық қаржыландыру бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру және Қоғамның өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобалар конкурстарына педагог кадрлардың қатысу жұмыстарын ұйымдастыру;
- профессор-зерттеуші лауазымдарына және постдокторлық бағдарламаның стипендиаттары бойынша конкурстар өткізу;
- университеттің ғылыми іс-шараларына қатысу;
- Жас зерттеушілер кеңесінің жұмысын үйлестіру;
- республиканың ғылыми, білім беру және басқа да ұйымдарымен өзара іс-қимылды дамыту;
- ғылым мен техника саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; алыс және жақын шетелдердің педагогикалық университеттерімен стратегиялық әріптестікті нығайту.
|